Спорт Министрі | Теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы ірі турнирді жеңіспен бастады
ТЕННИСТРЕНДТЕ

Теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы ірі турнирді жеңіспен бастады

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Елена Рыбакина Қытай астанасы Бейжіңде өтіп жатқан WTA 1000 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті.

Қазақстандық спортшы жарысты екінші айналымнан бастады.

Оның алғашқы қарсыласы АҚШ өкілі Кэти Макнелли болды. Матч 7:5, 4:6, 6:3 есебімен Рыбакинаның пайдасына аяқталды.

Келесі айналымда Рыбакина Германия спортшысы Ева Лиспен кездеседі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button