Спорт Министрі | Астанада хоккейден қақпашылар жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстары өтті
ХОККЕЙ

Астанада хоккейден қақпашылар жаттықтырушыларының біліктілігін арттыру курстары өтті

17-22 қыркүйек аралығында Астанада қақпашыларды бастапқы даярлықтан өткізетін бапкерлерге арналған біліктілікті арттыруға бағытталған курстар өтті.

Бұл оқыту JAS NOMAD республикалық хоккейшілерді даярлау бағдарламасы аясында 7-11 жас аралығындағы балалармен жұмыс істейтін мамандарға арналды. Жаңа тәжірибе жинақтау үшін елордаға Қазақстанның барлық өңірінен 22 бапкер жиналды. Бұған дейін бапкерлер JAS NOMAD бағдарламасы бойынша онлайн-оқытудан өткен болатын.

Оффлайн сабақтар кезінде жаттықтырушылар семинарларға қатысты, мұз бетінде және залда практикалық білім алды, сонымен қатар балалармен жаттығу өткізу арқылы алған ақпаратты қолдана алды. Практикалық жаттығуларға Астана қаласының «Барыс», №10 БЖМСМ, «Nomad» сияқты хоккей мектептерінен 50-ден астам жас қақпашы қатысты.

Курс спикерлері ретінде Ресей, Беларусь және Финляндия мамандары шақырылды.

JAS NOMAD — хоккейшілерді даярлау жүйесін дамыту және жетілдіру бағдарламасы. Ол ұйымдастырушылық, жаттығу, жарыс үдерістерін толық қамтиды. Сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің физикалық, зияткерлік, эмоциялық және танымдық қабілеттерін кезең-кезеңімен дамыту қағидаттарына негізделген.

Басқа жаңалықтар

Back to top button