КҮРЕС
Ислам Евлоев грек-рим күресінен әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Ислам Евлоев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына өтті.
Отандасымыз 87 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.
Ислам 1/8 финалда Виген Назарянмен (Армения) күш сынасты. Нәтижесінде жерлесіміз 3-1 есебімен басым түсті.