Спорт Министрі | Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Айдос Сұлтанғали алтын медаль үшін күреседі

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі.

60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында Амиран Шавадземен (Грузия) кездесті.

Сұлтанғали белдесу барысында 1:2 есебімен ұтылып жатқан еді. Дегенмен белдесудің соңына қарай екі тиімді әдіс қолданып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Қорытынды есеп: 8:2

Басқа жаңалықтар

Back to top button