Спорт Министрі | Қостанайда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті
ТРЕНДТЕҰЛТТЫҚ СПОРТ

Қостанайда «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті

Қостанай облысында Міржақып Дулатұлының 140 жылдығы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай ұйымдастырылып отырған Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесіне арналған баспасөз мәслихаты өтті.

Шараға «JORYQ» ат спорты федерациясы қамқоршылар кеңесінің төрағасы Ералы Тоғжанов, федерация президенті Бақытжан Тұрлыбеков, Қостанай облысы спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы және жарыстың бас төрешісі Серік Абжанов қатысты.

Ералы Тоғжанов өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлттық спорт пен Торғай өңірінің дамуына айрықша көңіл бөліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар Қостанай облысы әкімдігіне, жергілікті халыққа және «Amanat» партиясына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді.

Облыстық спорт басқармасының басшысы Дулат Советханұлы жарыстың жоғары деңгейде өтуіне барлық жағдай жасалғанын айтты. Ал федерация президенті Бақытжан Тұрлыбеков жарыстың талап ережелеріне тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, халықаралық бәйгеге шет елдерден 3 команда, Қазақстаннан 15 команда қатысады. Жарыс 20 қыркүйекте Жангелдин ауданының Торғай ауылынан басталып, Арқалық қаласы маңында аяқталады. Жалпы қашықтық — 500 шақырым.

Басқа жаңалықтар

Back to top button