ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Нора Джеруто әлем чемпионатында алтыншы орын алды

Жапонияның Токио қаласында өтіп жатқан жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында қазақстандық Нора Джеруто финалдық сынға қатысып, үздік ондыққа енді.
Ол 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіруден шешуші кезеңге жолдама алған еді. Финалда алғашқы топпен бірге келе жатқан Джеруто соңғы айналымда қола жүлде үшін күрес жүргізді. Алайда соңғы тосқауылдардың бірінде сүрініп, құлап қалды. Соған қарамастан, қазақстандық спортшы мәреге алтыншы болып жетті — 9:06.34.
Бұл жарыста кениялық Фейт Черотич жеңімпаз атанды (8:51.59). Екінші орынды Бахрейн атынан сынға түскен Винфред Яви (8:56.46), ал үшінші орынды эфиопиялық Сембо Алмаю (8:58.86) иеленді.