БАСҚАЛАРЫ

Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы чемпиондар анықталды

Қарағандыда семсерлесуден ерлер мен әйелдер арасындағы Қазақстан кубогы басталды. Турнирдің алғашқы жарыс күнінде рапирамен айқасудан үздіктер белгілі болды.

Ерлер арасында жеңімпаз атанған — Мансұр Естеу (Астана). Күмісті Ғалым Нұрымов (Алматы) иеленсе, қола жүлде Тамерлан Қалиев (Абай облысы) пен Тимофей Семёновқа (Алматы) бұйырды.

Әйелдер сынында София Актаева (Алматы) топ жарып, алтыннан алқа тақты. Екінші орынға Алёна Гноева (ШҚО) шықса, қола жүлдені Алина Искандерова (ШҚО) мен Алуа Мұқанова (Алматы) бөлісті.

Басқа жаңалықтар

Back to top button