Спорт Министрі | Қазақстан еркін күресшілері әлем чемпионатынан екі қола жүлде еншіледі
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан еркін күресшілері әлем чемпионатынан екі қола жүлде еншіледі

Хорватияның Загреб қаласында өткен әлем чемпионаты аясында еркін күрес бәсекелері мәресіне жетті.

Қазақстан құрамасынан екі балуан қола медаль жеңіп алды. Нұрқожа Қайпанов (70 кг дейін) жартылай финалда моңғолиялық Тулга Тумур Очирге есе жібергенімен, үшінші орын үшін болған белдесуде молдовалық Василий Дьяконды жеңіп, жүлдегер атанды.

Сонымен қатар, Асылжан Есенгелді (61 кг дейін) де қола жүлдеге қол жеткізді. Ол шешуші кездесуде америкалық Джексон Форрестен басым түсті.

Құрама сапынан Камиль Қуруглиев (92 кг дейін) бесінші орынға тұрақтады. Осылайша, Қазақстан еркін күрес шеберлері әлем чемпионатын екі қола медальмен аяқтады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button