
Қазақстандық бұрымды боксшы Наталья Богданова Ливерпульдегі (Ұлыбритания) әлем чемпионатының алтын жүлдегері атанды.
70 келіге дейінгі салмақта Наталья Богданова қарсылас шақ келтірмеді.
Отандасымыз ақтық сында Лекеиша Перголитимен Аустралия) өзара мықтыны анықтады. Нәтижесінде Наталья Богданова еш қиындықсыз қарсыласынан басым түсіп, жеңімпаз атанды.