
Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының капитаны Айбек Оралбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль алды.
Былғары қолғап шебері 90 келіден жоғары салмақтың финалына дейін жетті.
Айбек Оралбай ақтық сында өзбекстандық Жахонгир Зокировпен қолғап түйістірді.
Бірінші және екінші раундта өзбек боксшысы басым түсті. Дегенмен Айбек Оралбай соңғы үшінші кезеңде қайсарлық танытып, жеңісті суырып алды.
Осылайша, Айбек Оралбай (90 келіден жоғары) әлем біріншілігін алтын медальмен аяқтады.