Спорт Министрі | Боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады
БОКСТРЕНДТЕ

Боксшы Елдана Тәліпова Ливерпульдегі әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Елдана Тәліпова бокстан Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Бұрымды боксшымыз 80 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғады.

Елдана Тәліпова жартылай финалда Польша елінің өкілі Агата Качмарскамен жұдырықтасты.

Жекпе-жек қорытындысы бойынша польшалық боксшы финалға өтті.

Осылайша, Қазақстан құрамасының қоржынында екі қола жүлде бар. Бұған дейін Виктория Графеева (60 келіге дейін) үшінші орын алған еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button