
Қазақстан құрамасы семсерлесуден Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан кадеттер арасындағы Азия кубогының екінші күнінде бірқатар жүлдеге қол жеткізді.
Рапирамен семсерлесуден командалық жарыста Еділ Құсман, Валентин Сладков, Евгений Токанов пен Мансұр Естеу қарсыластарын қапы қалдырып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Қазақстан құрамасы қылыш қаруымен айқасудан қыздар арасындағы командалық сайыста екі жүлдеге ие болды. Найля Исхакова, Айғаным Какенова, Айша Сыздық пен Леона Югай күміс жүлдегер атанса, София Андриянова, Арина Фролова, Айдана Қаратаева мен София Яковлева қола медаль еншіледі.
Сонымен қатар, рапирамен семсерлесуден Алуа Мұқанова жекелей сайыста үшінші орынға тұрақтады.