БАСҚАЛАРЫ
Қазақстандық садақшылар әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан садақ атудан әлем чемпионатында қазақстандық мергендер жекелей сында табысты өнер көрсетті.
Блоктық садақ бойынша жекелей жарыста Андрей Тютюн мен Роксана Юнусова 1/8 финалға дейін жетіп, нәтижесінде тоғызыншы орынға тұрақтады.
Сонымен қатар Қазақстан құрамасы командалық бәсекеде жүлде жеңіп алды. Әйелдер арасындағы сайыста Роксана Юнусова, Әдель Жексенбинова және Виктория Лян үштігі қола медаль иеленді.