ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Триатлоннан Азия чемпионаты: қазақстандық спортшылардың нәтижелері белгілі болды

Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен триатлоннан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілдері бақ сынады.
Ең үздік нәтижеге Егор Крупяков қол жеткізіп, жетінші болып мәре сызығын қиды.
Қалған спортшылардың нәтижелері төмендегідей:
- Дарын Қонысбаев — 13-орын
- Аян Бейсенбаев — 14-орын
- Мейірлан Ысқақов — 17-орын
- Александр Тен — 19-орын
- Арлан Жанабай — 29-орын
Осылайша, қазақстандық триатлоншылар құрлықтық жарыста алғашқы ондыққа бір спортшымен енді.