БАСКЕТБОЛТРЕНДТЕ

Қазақстан бадминтоншылары Иранда өткен турнирде төрт медаль жеңіп алды

Иранның Энзели қаласында өткен халықаралық бадминтон турнирінде Қазақстан құрамасы табысты өнер көрсетіп, жалпы саны төрт медальға қол жеткізді. Оның екеуі — алтын.

Ерлер арасындағы жекелей сында Дмитрий Панарин қарсыластарын қапы қалдырып, чемпион атанды. Сондай-ақ ол Наргиза Рахметуллаевамен бірге аралас жұптық сайыста да бірінші орынға ие болды.

Қазақстан қоржынына түскен қос қола жүлдені аралас жұптық бәсекеде Хайтмұрат Құлматов/Диана Наменова және Жәңгір Ибраев/Алиса Кулешова дуэттері әкелді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button