Спорт Министрі | WTT Contender Almaty: қазақстандықтардың плей-оффтағы сәтті ойыны
БАСҚАЛАРЫ

WTT Contender Almaty: қазақстандықтардың плей-оффтағы сәтті ойыны

Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Contender турнирінде қазақстандық спортшылар плей-офф кезеңінде бірнеше жеңіске жетті.

Жекелей сында

Алан Құрманғалиев аустралиялық Хван Бейді 3:0 есебімен тізе бүктірді. Ол 1/8 финалда Қытай спортшысы Чен Юнсонмен кездеседі.

Аралас жұптық сайыс (1/8 финал)

Владислав Захаров пен Ангелина Романовская Ескендір Харки мен Сарвиноз Миркадировадан 3:2 есебімен басым түсіп, ширек финалға өтті. Келесі кезеңде олар Қытай жұбы Сюэ Фэй мен Цянь Тяньимен ойнайды.

Ерлер арасындағы жұптық сайыс (1/8 финал)

Ескендір Харки мен Ырысбек Артықметов вьетнамдық Нгуен Ань Ту және мексикалық Лайан Нойман дуэтін 3:2 есебімен жеңді. Ширек финалда қазақстандықтар жапондық Сорри Мацусима мен Сюнсуке Тогамиге қарсы күш сынасады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button