ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар белгілі болды

13-21 қыркүйек аралығында Жапония астанасы Токиода жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты өтеді. Дүниежүзілік додада Қазақстан құрамасы атынан төмендегі спортшылар сынға түседі:
- Нора Джеруто – 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру
- Дейзи Джемпкемей – 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіру, 10 000 метрге жүгіру
- Ясмина Тоқсанбаева – спорттық жүріс, 20 шақырым
- Галина Якушева – спорттық жүріс, 35 шақырым
- Полина Репина – спорттық жүріс, 35 шақырым
Айта кетейік, қазақстандық спортшылар қазір әлем чемпионаты алдындағы соңғы дайындық жиындарын өткізіп жатыр.