Спорт Министрі | Серік Жарасбаев: Легионерлерді қаржыландыру тек бюджеттен тыс қаражат есебінен мүмкін
МӘСЕЛЕТРЕНДТЕ

Серік Жарасбаев: Легионерлерді қаржыландыру тек бюджеттен тыс қаражат есебінен мүмкін

Қазақстанда шақырылған шетелдік спортшыларды — легионерлерді қаржыландыру мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылмайды. Бұл туралы ҚР Туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, легионерлерге бюджеттен қаржы бөлінбейді. Мұндай шығындар тек демеушілердің, клубтардың немесе өзге де бюджеттен тыс көздердің есебінен жабылуы тиіс.

— Мемлекеттің басты басымдығы — отандық спортты дамыту және қазақстандық спортшыларды қолдау. Негізгі екпін өзіміздің спортшыларды, бапкерлерді және мамандарды дайындауға жасалады. Ал клубтар мен федерацияларға легионерлермен жұмыс істеуге ешкім тыйым салмайды, бірақ ол тек бюджеттен тыс негізде жүзеге асуы керек, — деді вице-министр.

Серік Жарасбаевтың айтуынша, бұл тәжірибе халықаралық тәжірибеге де сай келеді: мемлекет жүйелі спорт дамуына инвестиция құйса, клубтар мен федерациялар құрамын күшейту үшін қаржыландыруды өздері таба алады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button