БАСҚАЛАРЫ
Үстел теннисі: Алматыда өткен іріктеуде үш қазақстандық келесі кезеңге өтті

Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан WTT Contender Almaty халықаралық турнирінің алғашқы күні аяқталды. Іріктеу кезеңінде жарыс жолына шыққан қазақстандықтар арасынан Абдулла Мамай (Алматы), Владислав Захаров (Қарағанды) және Ескендір Харки (Жамбыл облысы) үшінші кезеңге жолдама алды.
3 қыркүйекте бұл спортшылар негізгі кезеңге шығу үшін сынға түседі. Алдағы қарсыластары:
-
Абдулла Мамай – Флориан Буррассо (Франция)
-
Владислав Захаров – Юань Лицен (Қытай)
-
Ескендір Харки – Лев Кацман (Ресей)