Спорт Министрі | Астаналық паражүзушілер Бангкоктан жүлдемен оралды
БАСҚАЛАРЫ

Астаналық паражүзушілер Бангкоктан жүлдемен оралды

20 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Таиланд астанасы Бангкокта өткен паражүзуден әлем чемпионатында ел намысын Астананың спортшылары қорғады. Бұл додаға интеллектуалдық даму ерекшелігі бар 31 елден 300-ге жуық спортшы қатысты.

Қазақстан құрамасынан Санжар Аскар, Амир Алпамыс және Валерий Югай жарыс жолына шықты. Санжар Аскар жасөспірімдер санатында 100 метрлік баттерфляйда күміс медаль иеленсе, 200 және 400 метрлік еркін жүзу қашықтықтарында екі мәрте қола жүлдегер атанды. Ал Валерий Югай жасөспірімдер санатында 200 метрлік кешенді жүзуде қола жүлде жеңіп алды.

Ұлттық құраманың бас бапкері Ернұр Сайлаубектің айтуынша, бұл чемпионат — Қазақстан параспортшылары қатысқан алғашқы әлемдік деңгейдегі дода болып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button