Спорт Министрі | ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Азия Олимпиадалық кеңесі мен Olympic Solidarity өкілдерімен кездесу өтті
БАСҚАЛАРЫ

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Азия Олимпиадалық кеңесі мен Olympic Solidarity өкілдерімен кездесу өтті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Азия Олимпиадалық кеңесі (АОК) мен Olympic Solidarity бағдарламасының өкілдері ҰОК басшылығымен кездесті. Бұл басқосу Астанада өтіп жатқан Азия Олимпиадалық кеңесінің VI Құрлықтық спортшылар форумы аясында ұйымдастырылды.

Кездесуге Азия Олимпиадалық кеңесі Бас директорының орынбасары Винод Тивари, АОК-нің Ұлттық Олимпиадалық комитеттермен байланыс және даму бағдарламалары жөніндегі директоры Висам Тркмани, Халықаралық Олимпиадалық комитеттің Olympic Solidarity бағдарламасы директорының орынбасары Оливье Ньямки және Olympic Solidarity бағдарламасы бойынша құрлықтық менеджер Эдвард Кенсингтон қатысты.

Тараптар бірлескен ынтымақтастықты талқылап, білім беру бастамаларын дамыту, спортшылар мен жаттықтырушылардың даярлығына қолдау көрсету, сондай-ақ ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырды.

ХОК Olympic Solidarity бағдарламасы мен Азия Олимпиадалық кеңесі атынан сөз сөйлеген Оливье Ньямки Қазақстан ҰОК-не VI Құрлықтық спортшылар форумын жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін алғыс білдірді.

Қазақстан ҰОК өкілдері де көрсетілген қолдау мен көңіл үшін алғыс айтып, спортшылардың мүддесі мен Қазақстандағы және өңірдегі Олимпиадалық қозғалыстың дамуына серпін беретін ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button