Қазақстан ҰОК-нің Бас хатшысы беделді MEMOS білім беру бағдарламасына қатысады

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас хатшысы Әлімжан Ақаев спорттық ұйымдарды басқару саласындағы халықаралық MEMOS (Executive Master in Sport Organisations Management) бағдарламасы аясында білім алады.
Халықаралық Олимпиадалық комитет Әлімжан Ақаевтың оқуына қатысты өтінімді мақұлдады. Ол бағдарламаның ағылшын бөлімінде оқиды. Алғашқы модуль 1 қыркүйекте Швейцарияның Лозанна қаласында басталды.
2025-2026 жылдарға арналған бағдарлама стратегиялық және қаржылық басқару, көшбасшылық, маркетинг, спорттық іс-шараларды ұйымдастыру бойынша модульдерді, сондай-ақ ұлттық спорт ұйымдарын дамытуға бағытталған зерттеу жобасын қамтиды.
MEMOS бағдарламасы Халықаралық Олимпиадалық комитеттің қолдауымен өтіп, оған 170-тен астам елдің спорт ұйымдарын басқаратын мамандар қатысады. Биыл бағдарламаға 35 маман қабылданды.