Спорт Министрі | «Барыс» Астанада «Сибирь» командасын жеңді
ТРЕНДТЕХОККЕЙ

«Барыс» Астанада «Сибирь» командасын жеңді

Жаңа маусымға дайындық аясында елордалық «Барыс» хоккей клубы Астанадағы алғашқы бақылау матчында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын 3:1 есебімен жеңді.

Бірінші кезеңде есеп ашылған жоқ. Екінші кезеңде «Барыс» қарқынын арттырып, 22-минутта Кирилл Савицкий Әлихан Өмірбековтің пасын сәтті пайдаланып есеп ашты. Арада бір минут өткенде Джейк Масси тағы бір шайба салып, есепті 2:0-ге жеткізді.

Қарсылас команда сапынан Скотт Уилсон 29-минутта бір голмен жауап қайырды. Дегенмен 58-минутта Әлихан Әсетов шешуші шайбаны соғып, жеңісті бекітіп берді — 3:1.

«Барыс» пен «Сибирь» арасындағы екінші бақылау ойыны 2 қыркүйек күні, сағат 18:00-де өтеді. Матчты «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button