Спорт Министрі | Атырауда Конституцияның 30 жылдығына арналған республикалық ат бәйгесі өтті
ҰЛТТЫҚ СПОРТ

Атырауда Конституцияның 30 жылдығына арналған республикалық ат бәйгесі өтті

Атырау қаласындағы Ақсай атшабарында ҚР Конституциясының 30 жылдығына орай республикалық деңгейдегі ат бәйгесі ұйымдастырылды.

Жарысты Атырау облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қолдауымен «Бәйге» федерациясы өткізді. Оған еліміздің түрлі өңірінен 120-дан аса жүйрік қатысып, жарысты 1500-ге жуық көрермен тамашалады.

Бәйге бағдарламасы
Жарыс төрт негізгі қашықтық бойынша өтті:

  • Тай жарыс — 6 шақырым
  • Құнан жарыс — 9 шақырым
  • Топ бәйге — 18 шақырым
  • Аламан бәйге — 24 шақырым

Жеңімпаздар

  • Тай жарыс: Батыс Қазақстан облысының «Медина» жүйрігі
  • Құнан жарыс: Ақжайықтық «Бөрте» — 1-орын, Атыраулық «Қызқұйрық» — 2-орын
  • Топ бәйге: Маңғыстау облысының «Сархан» аты
  • Аламан бәйге: «Ақбаян» жүйрігі

Жүлде қоры
Жеңімпаздарға жалпы сомасы 10 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді.

  • Аламан бәйге: 1 млн 800 мың теңге
  • Топ бәйге: 1 млн 200 мың теңге
  • Басқа санаттарда да үздік шыққан шабандоздар мен ат иелері марапатталды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, ұлттық спортты дәріптеуге бағытталған мұндай бәйгелер алдағы уақытта да жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button