Спорт Министрі | Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған ат спорты чемпионаты өтіп жатыр
БАСҚАЛАРЫ

Астанада Конституцияның 30 жылдығына арналған ат спорты чемпионаты өтіп жатыр

Елорда маңындағы «Арғымақ» ат спорты-сауықтыру кешенінде Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған ат спортының ашық қалалық чемпионаты басталды.

Жарысқа Астана қаласы мен Қарағанды облысынан келген 80-нен астам шабандоз қатысып жатыр. Қатысушылар 12 түрлі маршрут бойынша бақ сынауда.

Чемпионаттың мақсаты — ат спортын дамыту, жастарды салауатты өмір салтына баулу және ұлттық құндылықтарды насихаттау.

Іс-шараны Астана қаласы әкімдігі мен қалалық ат спорты федерациясы ұйымдастырып отыр.

Басқа жаңалықтар

Back to top button