Спорт Министрі | Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан жастар арасындағы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

Қытайдың Цзянмэнь қаласында өтіп жатқан волейболдан жастар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан ерлер құрамасы плей-офф кезеңіне жолдама алды.

B тобында бесінші орын алған ұлттық құрама 1/8 финалға шығу үшін соңғы турда Оңтүстік Корея құрамасын жеңуі тиіс еді. Қарсыласты 3:1 есебімен ұтқан қазақстандықтар турнирдің келесі кезеңіне өтті.

Енді команда 1/8 финалда әлемнің үздік жас құрамаларының біріне қарсы ойнайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button