Спорт Министрі | Зауреш Акашева Болгариядағы үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды
БАСҚАЛАРЫ

Зауреш Акашева Болгариядағы үстел теннисі турнирінде қола медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасының өкілі Зауреш Акашева Болгарияның Панагюриште қаласында өткен WTT Feeder Panagyurishte халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды.

Жарыс барысында Акашева келесі қарсыластарын жеңіп шықты:

  • Мириам Карновале (Италия) – 3:1,

  • Доминика Вильчкова (Словакия) – 3:0,

  • Шима Сафаэи (Иран) – 3:2.

Жартылай финалда ол украиналық Анастасия Димитренкодан 1:3 есебімен жеңіліп, үшінші орынды иеленді.

Турнирге қатысқан басқа қазақстандық спортшылар арасынан ширек финалға дейін жеткендер:

  • Жанерке Қошқамбаева (жеке разряд),

  • Владислав Захаров / Дайто Оно (Қазақстан / Жапония, жұптық разряд),

  • Зауреш Акашева / Сарвиноз Миркадирован (жұптық разряд),

  • Жанерке Қошқамбаева / Элина Рахими (Қазақстан / Иран, жұптық разряд),

  • Іскендер Харки / Сарвиноз Миркадирова (аралас жұп).

Басқа жаңалықтар

Back to top button