Қазақстанда желкенді спортты дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Азия желкенді қайық спорты федерациясының президенті, Халықаралық федерация кеңесінің мүшесі Малав Шроффпен кездесу өтті.
Кездесуге ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев, желкенді спорт федерациясының вице-президенті Мақсұт Нарбаев және спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қатысты.
Басты тақырыптар:
-
Қазақстан мен Орталық Азияда желкенді спортты дамыту;
-
Халықаралық жаттықтырушыларды тарту;
-
Аймақтық оқу-жаттығу жиындарын ұйымдастыру;
-
Астанада өтетін халықаралық турнирлерге шетел спортшыларын шақыру.
Әлімжан Ақаев атап өткендей:
«Азия желкенді қайық спорты федерациясымен әріптестік елімізде бұл спорт түріне деген қызығушылықты арттырады. Халықаралық ынтымақтастық – спортты сапалы дамыту жолы».
Малав Шрофф сапар аясында Алматыға және Қапшағай су қоймасына баруды жоспарлап отыр. Бұл өңірлерде желкенді спорт жарыстары ұйымдастырылмақ.