Спорт Министрі | Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Қазақстан грек-рим күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында төрт медаль жеңіп алды

Болгарияның Самоков қаласында өткен 20 жасқа дейінгілер арасындағы грек-рим күресінен әлем чемпионаты аяқталды. Байрақты бәсекенің соңғы күнінде екі қазақстандық балуан қола жүлде үшін бозкілемге шықты.

87 келіге дейінгі салмақта Темірлан Тұрдақын Әзірбайжан спортшысы Орхан Гаджиевті айқын басымдықпен жеңіп, үшінші орынға ие болды. Ал 63 келіге дейінгі салмақта белдескен Дамир Ибраишов жүлде үшін күресте ресейлік Игорь Пунченкодан жеңіліп қалды.

Осылайша, Қазақстан құрамасы U20 әлем чемпионатын 4 медальмен аяқтады:

  • Күміс: Диас Сейітқалиев (82 келі),

  • Қола: Арсен Жұма (55 келі), Юсуф Ашрапов (72 келі), Темірлан Тұрдақын (87 келі).

Басқа жаңалықтар

Back to top button