Спорт Министрі | Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
КҮРЕС

Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен 20 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қазақстандық Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) қола медаль жеңіп алды.

Үшінші орын үшін белдесуде отандасымыз грекиялық Арионас Колицопулосты 2:0 есебімен сенімді жеңді.

Турнир барысында Ашрапов алғашқы айналымда армениялық балуан Гаспар Тертерянға есе жіберген болатын (1:3). Алайда қарсыласы финалға дейін жетіп, чемпион атанғандықтан, қазақстандық балуанға жұбаныш белдесуіне қатысу мүмкіндігі берілді.

Юсуф бұл мүмкіндікті сәтті пайдаланды: алдымен болгариялық Сергей Стоевті 8:3 есебімен, кейін әзербайжандық Сеймур Гасимовті 5:3 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Ашрапов Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші медальді салды. Бұған дейін Диас Сейітқалиев (82 келіге дейін) алтын, Арсен Жұма (55 келіге дейін) қола жүлде иеленген еді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button