Спорт Министрі | Диас Сейітқалиев Азия чемпионын жеңіп, грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды
КҮРЕС

Диас Сейітқалиев Азия чемпионын жеңіп, грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының финалына жолдама алды

Грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Диас Сейітқалиев Самоковта (Болгария) өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына шықты.

Қазақстандық балуан 82 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде кем дегенде күміс медальді өзіне қамтамасыз етті.

Жартылай финалда Диас жапониялық Тайзо Ёсидоға еш мүмкіндік бермей, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Айта кетейік, өткен жылы Ёсидо ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарған болатын.

Финалда Сейітқалиевтің қарсыласы ресейлік Михаил Шкарин болады.

Басқа жаңалықтар

Back to top button