КҮРЕС
Диас Сейітқалиев грек-рим күресінен U20 әлем чемпионатының жартылай финалына жолдама алды

82 келіге дейінгі салмақтың ширек финалында қазақстандық балуан үндістандық Принсті сенімді жеңді.
Енді ол жартылай финалға шығып, жапон балуаны Тайзо Ёсидомен кездеседі.
Өткен жылы Жапония спортшысы ересектер арасындағы Азия чемпионатында топ жарып, сондай-ақ жастар арасындағы әлем чемпионатында үшінші орын алған еді.