Алматыда алғаш рет Gran Fondo велоспорттан әлем чемпионаты өтеді

24 тамыз күні Алматыда алғаш рет Gran Fondo World Championship – велоспорттан әлем чемпионаты ұйымдастырылады. Бұл халықаралық дода кез келген ниет білдірушіге қатысуға мүмкіндік береді, дайындық деңгейіне шектеу қойылмайды.
Жарысқа 500-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Қатысушылар алты түрлі жас санаты бойынша бақ сынасады. Ал «Абсолют» номинациясының жеңімпазы Gran Fondo World Tour нұсқасы бойынша әлем чемпионы атанады.
Жол қозғалысына уақытша шектеу қойылады
Чемпионат аясында 24 тамызда таңғы 04:30-дан 09:30-ға дейін Әл-Фараби даңғылының Достық даңғылынан Дулати көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектеледі. Тұрғындар мен қала қонақтарына келесі балама жолдар ұсынылады:
-
Достық даңғылы
-
Назарбаев даңғылы
-
Сейфуллин даңғылы
-
Жароков көшесі
-
Розыбакиев көшесі
-
Дулати көшесі (Әл-Фараби даңғылына дейін)
-
Мустафин көшесі
Алматылықтардан уақытша өзгерістерді ескере отырып, сапарларын алдын ала жоспарлау сұралады.