Спорт Министрі | «Барыс» КХЛ-дегі ең жас командалардың бірі атанды
ТРЕНДТЕХОККЕЙ

«Барыс» КХЛ-дегі ең жас командалардың бірі атанды

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (КХЛ) ең жас командалары рейтингінде төртінші орынға тұрақтады.

Лига есебіне сәйкес, «Барыс» құрамындағы ойыншылардың орташа жасы — 24,7 жас. Бұл көрсеткішпен елордалық клуб үздік бестікке енді. Ең жас команда ретінде ресейлік «Сочи» танылды, онда хоккейшілердің орташа жасы — 24,4 жас.

КХЛ-дегі ең жас 9 команданың тізімі төмендегідей:

  1. «Сочи» — 24,4 жас

  2. «Спартак» (Мәскеу) — 24,6 жас

  3. ЦСКА (Мәскеу) — 24,7 жас

  4. «Барыс» (Астана) — 24,7 жас

  5. «Амур» (Хабаровск) — 24,8 жас

  6. «Торпедо» (Нижний Новгород) — 25,1 жас

  7. «Динамо» (Минск) — 25,6 жас

  8. «Автомобилист» (Екатеринбург) — 25,7 жас

  9. «Северсталь» (Череповец) — 26,0 жас

Басқа жаңалықтар

Back to top button