КҮРЕС
Алан Оралбек еркін күрестен U20 әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде өнер көрсетеді

20 тамызда еркін күрестен соңғы медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Қазақстан қола медальға үміткерлердің қатарында. Ол үшін Алан Оралбек жұбаныш белдесуінде сәтті өнер көрсетуі тиіс.
61 келі салмақтағы балуан ширек финалда ирандық Ахор Хатериге есе жіберген болатын.
Осылайша, қазақстандық спортшы жұбаныш белдесуіне жолдама алды. Ол Пуэрто-Рикодан барған Омар Аюбпен белдеседі.