Спорт Министрі | Камиль Куруглиев еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды
КҮРЕС

Камиль Куруглиев еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатының алтын медалі үшін бақ сынайды

Еркін күрес шебері Камиль Куруглиев Болгарияның Самоков қаласында өтіп жатқан U20 санатындағы әлем чемпионатының финалына жолдама алды.

Отандасымыз 92 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалында әзірбайжандық Анара Джафарлиден басым түсті.

Камиль ақтық сында Шерзод Поеновпен (Өзбекстан) өзара мықтыны анықтайды.

Басқа жаңалықтар

Back to top button