БАСҚАЛАРЫТРЕНДТЕ

Қазақстан құрамасы XII Дүниежүзілік ойындарда тарихи нәтиже көрсетті

7–17 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өткен XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан құрамасы өзінің тарихындағы ең үздік нәтижеге қол жеткізді.

Әлемдік деңгейдегі бұл спорттық дода әр төрт жыл сайын өткізіледі. Қазақстан бұл жолы сегіз спорт түрінен сынға түсіп, 10 жүлде жеңіп алды: 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медаль.

Жүлде иегерлері:

  • Алтын медаль иегерлері:
    • Жәнібек Әбу-Бәкір (джиу-джитсу)
    • Ұлбосын Әділова (самбо)
  • Күміс медаль иегерлері:
    • Мөлдір Жаңбырбай (WKF каратэ)
    • Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (джиу-джитсу)
    • Маратбек Рахметоллин (самбо)
    • Ерлер құрамасы (самбо): Төлеухан Ниетхан, Бақытжан Дүйсембеков, Маратбек Рахметоллин, Тәңірберген Тергеубеков
    • Әйелдер құрамасы (самбо): Аружан Кенесары, Ұлбосын Әділова, Құралай Қабрайқызы, Маржан Бизақ, Айнұр Ақжігітова
  • Қола медаль иегерлері:
    • Аслан Қанатбек (джиу-джитсу)
    • Сейілхан Болатбек (джиу-джитсу)
    • Ришат Хайбуллин (спорттық өрмелеу)

Осылайша, Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік ойындардағы ең жоғары көрсеткішін тіркеп, ел спорты тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді. Жарысқа жалпы 31 спортшы қатысқан

Басқа жаңалықтар

Back to top button