
Елордада таеквондодан Kazakhstan Open-2025 халықаралық рейтингтік турнир жалғасуда. Бірінші жарыс күнінде отандастарымыз 10 алтын медаль жеңіп алды. Бұл көрсеткіш Қазақстан құрамасына командалық есепте көш бастауға мүмкіндік берді. Толығырақ Olympic.kz материалында.
Жалпы ересектер арасындағы сайыста 22 елден келген 230-дан астам таеквондошы сынға түсіп, 16 салмақ дәрежесінің жүлделерін сарапқа салды. Бірінші жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы ересектер арасындағы бәсекеде 38 медаль еншіледі. Оның ішінде 10-ы алтын медаль. Осылайша командалық есепте көш бастады. Екінші орында Тунис құрамасы болса, Түркия үшінші орынға тұрақтады.