ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ
Қала тұрғындарының шағымынан кейін Астанада марафон саны қысқарады

Елордада жолдарды жабуды талап ететін бұқаралық марафондар саны қысқартылатын болды. Бұл туралы Алматы ауданы тұрғындарымен кездесуде Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек мәлімдеді.
Кездесуде қала тұрғыны марафондар мен басқа да спорттық шаралардың тым жиі өтуі тұрғындарға қолайсыздық тудырып жатқанын айтып, әкімнен бұл мәселені шешу жолдарын сұрады.
Әкімнің жауабы:
«Әр жексенбі сайын Түркістан, Ақмешіт, Қонаев көшелерін жабу дұрыс емес. Бұл – демалыс күні болғанына қарамастан, қала тұрғындарының наразылығын тудырып отыр. Сол себепті, алдағы уақытта мұндай жарыстар жылына санаулы рет қана өткізіледі. Барынша айналма жолдар мен веложолдар, басқа да тротуарларды пайдалану жағын қарастырып жатырмыз», – деді Жеңіс Қасымбек.