Спорт Министрі | Астанада әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Астанада әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды

14 тамызда Астанадағы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде әскери қызметшілер арасында қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды.

Байрақты бәсеке Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен өтіп жатыр. Турнирге 25 мемлекеттің армиясы қатысуда. Қазақстан намысын Қарулы күштер мен Мемлекеттік күзет қызметінің таңдаулы балуандары қорғайды.

Жарысқа ерлер мен әйелдер қатысып жатыр. Сайыстар 48 келіден бастап 100 келіден жоғары салмақ дәрежесіне дейін 16 санатта өтуде.

Қазақстан бұл жарысты өткізу құқығын 2024 жылы Танзанияда өткен CISM-нің 79-шы Бас Ассамблеясында қазақ күресін таныстырғаннан кейін иеленген.

Чемпионаттың өтуі Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналды. Жарыс аясында көрмеге келушілер архив құжаттарын, тарихи фотолар мен жәдігерлерді тамашалай алады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық өнерін, киіз үй үлгілерін және этноэкспонаттарды көруге мүмкіндік бар.

Басқа жаңалықтар

Back to top button