Спорт Министрі | Әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен әлем біріншілігінде ел намысын кімдер қорғайды
КҮРЕС

Әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен әлем біріншілігінде ел намысын кімдер қорғайды

Астанада Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен әскери қызметшілер арасындағы қазақ күресінен алғашқы әлем чемпионаты басталды. Турнирге 25 елдің әскерилері қатысуда. Қазақстан құрамасы елдің Қарулы күштері мен Мемлекеттік күзет қызметінің үздік балуандарынан жасақталған.

Ерлер құрамасы

  • 55 кгБекжан Төлепов (ҚР Қорғаныс министрлігі), халықаралық дәрежедегі спорт шебері (МСМК), 2022 және 2025 жылғы әлем чемпионы, Әлем кубогы мен Көшпенділер ойындарының жеңімпазы.

  • 60 кгЕрнұр Сүлеймен (ҚР ҚМ), Азия чемпионы (2023).

  • 66 кгАшым Сағындық (Мемлекеттік күзет қызметі), МСМК, Қазақстан және Әлем кубогының чемпионы.

  • 74 кгЖұмажан Қожамбеков (ҚР ҚМ), әлем және Азия чемпионы.

  • 82 кгНұрдаулет Бақтыбайұлы (ҚР ҚМ), Әлем кубогының жеңімпазы.

  • 90 кгАйдар Бескемпір (ҚР ҚМ), Қазақстан және Азия кубогының екі дүркін чемпионы.

  • 100 кгАйбек Ізтелеуов (ҚР ҚМ), жастар арасындағы ел чемпионы.

  • +100 кгҒалымжан Қырықбай (ҚР ҚМ), Қазақстан кубогының жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің жүлдегері.

Әйелдер құрамасы

  • 48 кгАйжан Жылқыбаева (ҚР ҚМ), МСМК, 2024 жылғы Көшпенділер ойындарының жеңімпазы.

  • 52 кгСағат Байғараева (ҚР ҚМ), 2024 жылғы Қазақстан чемпионы.

  • 56 кгРауза Нұрмахамметова (ҚР ҚМ), МСМК, 2022 және 2025 жылғы әлем чемпионы.

  • 60 кгБақыт Қусақбаева (ҚР ҚМ), ҚР бірнеше дүркін чемпионы, Көшпенділер ойындарының жеңімпазы.

  • 65 кгЗарина Сәріпова (ҚР ҚМ), МСМК, әлем және Азия чемпионы.

  • 70 кгРоза Нысантайқызы (ҚР ҚМ), Азия чемпионы, жауынгерлік ойындардың жеңімпазы.

  • 77 кгЗамзагүл Файзолланова (ҚР ҚМ), ҚР және ҚР кубогының чемпионы.

  • +77 кгАқерке Рамазанова (ҚР ҚМ), Қазақстан кубогының жеңімпазы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button