Спорт Министрі | Қазақстан ҰОК пен Сеул ұлттық университеті спорттық менеджмент саласында әріптестік орнатпақ
БАСҚАЛАРЫ

Қазақстан ҰОК пен Сеул ұлттық университеті спорттық менеджмент саласында әріптестік орнатпақ

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінде Оңтүстік Кореядағы Сеул ұлттық университетінің спорттық менеджмент саласындағы Dream Together Master бағдарламасы өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуге Қазақстан ҰОК бас директоры Нұрлан Нөгербек пен Спорт департаментінің директоры Бектұр Қиятбай қатысты. Сеул университеті делегациясының құрамында:

  • Профессор, Dream Together Master бағдарламасы директорының орынбасары Ёнхон Ли,
  • Бағдарламаның бас менеджері Чанвон О,
  • Түлектермен жұмыс жөніндегі менеджер Чанви Пак болды.

Кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы меморандум жобасын талқылады. Құжат аясында төмендегідей бағыттар қамтылмақ:

  • тәжірибе алмасу,
  • бағдарламаның қазақстандық түлектеріне тағылымдамалар ұйымдастыру,
  • профессорлар тарапынан дәрістер өткізу,
  • спорт ғылымы мен менеджменті бойынша бірлескен жобалар жүргізу.

Профессор Ёнхон Ли Сеул университетінде қазақстандық студенттердің үлесі жоғары екенін атап өтіп, ҰОК-ке лайықты үміткерлерді ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Қазіргі таңда Dream Together Master бағдарламасының төрт түлегі ҰОК құрамында еңбек етіп жүр:

  • Бектұр Қиятбай – Спорт департаментінің басшысы,
  • Олжас Тоғызбаев – Спорт департаментінің бас менеджері,
  • Айым Жетібаева – жетекші менеджер,
  • Татьяна Богословская – Халықаралық қатынастар департаментінің бас менеджері.

Басқа жаңалықтар

Back to top button