Спорт Министрі | Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды
КҮРЕСТРЕНДТЕ

Еркін күрестен U20 санатындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандық балуандар анықталды

Еркін күрестен Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы U20 жас санатындағы әлем чемпионатына қатысатын балуандардың тізімін жариялады. Бұл жарыс Болгарияның Самоков қаласында өтеді.

Әлемдік біріншілікте ел намысын он спортшы қорғайды:

57 келіге дейін: Нұрданат Айтанов

61 келіге дейін: Аллан Оралбек

65 келіге дейін: Ералы Жеңісов

70 келіге дейін: Сұңқар Сейдахмет

74 келіге дейін: Досжан Құл-Ғайып

79 келіге дейін: Ерхан Әбіл

86 келіге дейін: Қасымжомарт Әлин

92 келіге дейін: Камиль Куруглиев

97 келіге дейін: Самир Дурсунов

125 келіге дейін: Едіге Қасымбек

Айта кетейік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 17-24 тамыз аралығында өтеді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button