Спорт Министрі | Геннадий Головкин World Taekwondo президентімен кездесті
БАСҚАЛАРЫ

Геннадий Головкин World Taekwondo президентімен кездесті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің (ҰОК) президенті Геннадий Головкин Бүкіләлемдік таеквондо федерациясының (World Taekwondo) президенті Чунгвон Чомен кездесті.

Кездесуге сондай-ақ ҰОК бас хатшысы Әлімжан Ақаев пен Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Кудрәт Шамиев қатысты.

Тараптар таеквондоның олимпиадалық қозғалыс аясындағы дамуын, халықаралық ынтымақтастықты және киберспорт бағытын талқылады. 2026 жылдан бастап e-Taekwondo дисциплинасы жасөспірімдер Олимпиадасы мен құрлықтық чемпионаттардың бағдарламасына сынақ ретінде енгізіледі.

Қазақстан таеквондо федерациясы 2026 жылғы Гран-при финалын өткізу құқығын жеңіп алды және 2027 жылғы әлем чемпионатын өткізуге өтінім беруді жоспарлап отыр.


Алдағы турнир

14–16 тамыз аралығында Астанада Kazakhstan Open 2025 халықаралық рейтингтік турнирі өтеді. Додаға 22 елден 750 спортшы қатысады. Жарыс жаңартылған KPNP K-2 жүйесімен және жаңа электронды қолғаптармен өтеді. Сондай-ақ елордада алғаш рет World Taekwondo көрсетілім командасы шоу бағдарламасын ұсынады.


Чунгвон Чо Қазақстанда таеквондоға деген жоғары қызығушылықты атап өтіп:

«Қазақстан сенімді түрде дамып келеді. Спортшылардың әлеуеті жоғары, ал біздің ынтымақтастығымыз жаңа буынды шабыттандырады», – деді.

Геннадий Головкин өз кезегінде:

«World Taekwondo-мен әріптестік – халықаралық байланыстарды нығайтуға, тәжірибе алмасуға және спорт құндылықтарын ілгерілетуге мүмкіндік береді», – деп атап өтті.

Тараптар кездесу соңында ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті екендерін жеткізді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button