
Таиландтың Бангкок қаласында алғаш рет World Boxing ұйымының аясында өткен U19 және U22 жас санатындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Қазақстан құрамасы жалпы есепте жеті алтын медаль иеленді.
Жарысқа құрлықтың үздік боксшылары қатысып, бәсеке деңгейі жоғары болды. Ұлттық құраманы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев жаттықтырды.
U19 нәтижелері
Ерлер:
- Алтын: Расул Асанханов (90 кг)
- Күміс: Әділет Тортубек (60 кг), Бейбарыс Әшірбай (70 кг), Тимур Тайбеков (80 кг), Нұрсұлтан Қыстаубай (85 кг)
- Қола: Нұрсұлтан Шілдебай (75 кг)
Командалық есеп: 3-орын (1 — Өзбекстан, 2 — Таиланд)
Қыздар:
- Алтын: Құралай Егінбайқызы (80 кг)
- Күміс: Аяжан Ермек (57 кг)
- Қола: Айым Танкибаева (51 кг), Жанель Имантаева (54 кг), Алина Кудайгенова (60 кг), Ақбота Есімбекова (65 кг), Сабина Жақсылық (+80 кг)
Командалық есеп: 4-орын
U22 нәтижелері
Әйелдер:
- Алтын: Гүлназ Бөрібаева (48 кг), Бақыт Сейдіш (70 кг)
- Күміс: Шұғыла Нәлібай (75 кг), Әсел Тоқтасын (+80 кг)
Командалық есеп: 3-орын (1 — Қытай, 2 — Өзбекстан)
Ерлер:
- Алтын: Нұрислам Қалдыбаев (60 кг), Санжарәлі Бегалиев (80 кг), Темірлан Мұқатаев (90 кг)
- Күміс: Илья Калинин (65 кг), Нұрбек Мұрсал (70 кг)
Командалық есеп: 2-орын (1 — Өзбекстан, 3 — Жапония)
Осылайша, Қазақстан құрамасы құрлық біріншілігін жеті алтын, бірнеше күміс пен қола медальмен аяқтап, барлық жас санатында үздік үштікке енді.