Спорт Министрі | Нұрсұлтан Дүйсенқұлов Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан күміс медаль иеленді
КҮРЕС

Нұрсұлтан Дүйсенқұлов Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан күміс медаль иеленді

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.

77 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нұрсұлтан Дүйсенқұлов джиу-джитсудан күміс медаль жеңіп алды. Финалда ол даниялық Лукас Андерсенге 11:15 есебімен есе жіберді.

Финалға дейін отандасымыз жарыс жолында:

  • Лукас Андерсенді – 16:12 есебімен ұтты,

  • Йоро Янник Ефрем Зоузоуадан – 15:17 есебімен жеңілді,

  • Жартылай финалда Перси Кунсасты – 27:18 есебімен тізе бүктірді.

Басқа жаңалықтар

Back to top button