ДЗЮДО
Жағажай самбосынан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Сингапурда өткен жағажай самбосынан әлем чемпионатында 7 медаль иеленді.
Биылғы додаға 20 елдің спортшылары қатысып, бақ сынады. Ел намысын қорғаған қазақстандықтар жарысты 1 алтын, 1 күміс және 5 қола жүлдемен қорытындылады.
Чемпион атанғандар:
- Маргарита Бажаева — 50 кг
Күміс жүлдегер:
- Асқар Еспусинов — 58 кг
Қола медаль иегерлері:
- Жандос Бейсенбаев — 71 кг
- Болат Сапар — 88 кг
- Айнұр Төребай — 59 кг
- Арайлым Әбенова — 72 кг
- Қазақстан құрамасы — командалық сайыс
Бұл жетістік қазақстандық самбошылардың халықаралық аренадағы жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді.