БАСҚАЛАРЫ
Аслан Қанатбек Дүниежүзілік ойындарда джиу-джитсудан қола жүлде жеңіп алды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарда қазақстандық спортшылар қоржыны тағы бір жүлдемен толықты.
62 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Аслан Қанатбек джиу-джитсудан қола медаль иегері атанды. Үшінші орын үшін жекпе-жекте ол колумбиялық Жайро Вивиекасты таза жеңіспен ұтты.
Бұл – Қазақстан құрамасының аталған халықаралық жарыстағы екінші жүлдесі.
Жарыстың келесі кезеңінде ұлттық құрама сапынан Жәнібек Әбу-Бәкір (69 кг) және Нұрсұлтан Дүйсенқұлов (77 кг) финалда бақ сынайды.