Спорт Министрі | Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан алғашқы медалін жеңіп алды
ТРЕНДТЕ

Дүниежүзілік ойындарда Қазақстан алғашқы медалін жеңіп алды

Қытайдың Чэнду қаласында өтіп жатқан XII Дүниежүзілік ойындарында Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті.

Каратэ-додан 50 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен Мөлдір Жаңбырбай күміс жүлдегер атанды.

Финалда отандасымыз ирандық Сара Бахманиермен кездесті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, төрешілер белсенділігі үшін жеңісті қарсыласына берді.

Жарыс жолында Мөлдір іріктеу кезеңінде:

  • алжирлік Силия Уикенді – 4:0,

  • венесуэлалық Йоргелис Салазарды – 3:0 есебімен жеңді.

Топтық кезеңнің соңғы матчында қытайлық Жунхуй Вангқа 0:1 есебімен жол берсе, жартылай финалда екі дүркін Еуропа чемпионы, италиялық Ема Сгарделлиді 3:2 есебімен ұтып, финалға жолдама алған еді.

Бұл жүлде – Қазақстан құрамасының Чэнду–2025 Дүниежүзілік ойындарындағы алғашқы жетістігі.

Басқа жаңалықтар

Back to top button