Спорт Министрі | Абайдың 180 жылдығына арналған ультрамарафонда батысқазақстандық желаяқ жеңіске жетті
ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКАТРЕНДТЕ

Абайдың 180 жылдығына арналған ультрамарафонда батысқазақстандық желаяқ жеңіске жетті

Абайдың 180 жылдығына орай Абай облысында өткен 180 шақырымдық республикалық «Abai Joly 100 miles» ультрамарафоны өз мәресіне жетті.

Жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен, сондай-ақ Ресей, Қытай және Өзбекстаннан 30-дан астам желаяқ қатысты. Жүлде қоры — 10 млн теңге, ал абсолютті чемпионға JETOUR X50 автокөлігі табысталады.

Ультрамарафон 7 тамыз күні сағат 17:00-де Семей қаласында басталып, бүгін Қарауылтөбеде аяқталды.

Батыс Қазақстан облысының тумасы, 31 жастағы Баубек Ілиясов 180 шақырымдық қашықтықты 19 сағат 9 минут 45 секундта бағындырып, жарыстың абсолютті жеңімпазы атанды.

Казталов ауданында дүниеге келген Баубек Ілиясов бұған дейін де түрлі марафондарда бақ сынап, жүлделі орындарға ие болған тәжірибелі спортшы.

Басқа жаңалықтар

Back to top button